Бәйдібекте екі ауылдың арасын тозған көпір жалғап тұр

697
Көпір

Ауылдағы ағайын қатынассыз қалуы мүмкін. Бәйдібек ауданындағы Жұлдыз бен Ағыбет ауылын жалғап тұрған жалғыз көпір жарамсыз күйге түскен. Жаңа өткелдің пайдалануға берілгеніне бірер жыл ғана болыпты. 2009 жылы елдің иглігіне тапсырылған нысан қазір апатты деп танылған.

Көпір

Оған себеп, ерте көктемде жауынның көптігінен өзен суының деңгейі көтеріліп, өткелді жарамсыз еткен. Қазір төселген тақтайдың көмегімен ғана көліктер қатынап жатыр. Оның арасын шағыл мен топырақ төсеп бітеп қойыпты. Бірақ бұлай жамағаннан жағдай өзгермеген. Шұрық тесігі көбейген көпірден өту қауіпті.

Аудан әкімдігінің мамандары бұл жағдайды білгенімен, әзірге апатты ахуалдан құтылудың амалы болмай жатыр деп ағынан жарылды. Өйткені облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қазынадан қаражат қарастырып бермепті.

Мақсат Жақсыбаев