Дулати көшесіндегі мал сату ісі тоқтайды

610
Қой сатылады

Шымкенттегі Дулати көшесі бойындағы мал сататын орындар енді ресми түрде жабылды. Ондағы 10 үй өз кәсіптерін бұдан былай арнайы орындарда атқаруы тиіс.

Қой сатылады

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов қой бордақылап сататын осы кәсіпкерлермен кездесіп, олардың әрекеті заңсыз екенін түсіндірген болатын. Сондай-ақ, шағын бизнесті қолдау мақсатында Бозарық елдімекенінен мал сою бекетін ашуға 5 гектар жер бөлінгенін атап өткен-ді.

Мұсылман жамағатының ұлы мейрамы Құрбан айты өте салысымен саудагерлер Дулати көшесі бойындағы кәсібін тоќтатты. Енді қорадағы барлық малын сатып, әкім белгілеген орынға көшулері тиіс.

Нұрлан Жаңабай