Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қаралуда

330
Мемлекеттік қызмет
Фото: //anticorruption.gov.kz

Қазақстандағы мемлекеттік қызмет істері моделінің өз артықшылықтары бар. Оған Еуропа елдерінің таңдаулы озық механизміндерін қоса кіріктірсе, жүйенің тиімділігі тіптен жоғарылайды.

Мемлекеттік қызмет
Фото: //anticorruption.gov.kz

Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінде өткен мемлекеттік қызметті реформалауға арналған семинарда айтылды. Шараға Еуроодақ сарапшылары мен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының сала өкілдері қатысты.

Айта кету керек, қазір парламент сенатында мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Бұл маңызды құжатты бұған дейін мәжіліс депутаттары мақұлдаған болатын. Ендігі кезекте заң жобасының тиімді тұстары мен оның қағидаттары ел арасында кеңінен түсіндірілуі шарт. Бұған қоса «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу тетіктері де қызу талқыға түсті.