Шымкенттің ең қарт және ең жас қала тұрғыны марапатталды

493
Ең жас тұрғын

Қайырымдылық шарасы қарапайым тұрғындарды құттықтаумен жалғасты. Шымкенттің ең жас және егде тұрғыны қала әкімінің құттықтауын қабыл алды. Таңертеңнен қала басшылары қала күні қарсаңында туылған сәбиді құттықтау үшін перзентханаға ат басын бұрды. Одан кейін құттықтау қаланың ең егде тұрғынының шаңырағында жалғасты.

Ең жас тұрғын

Бүгін Шәлімбетовтер отбасында зор қуаныш. Дүниеге Қазына атты кішкентай бүлдіршін келді. Бұл отбасының бесінші баласы. Қала күнімен тұспа-тұс туылған сәбиді жергілікті билік өкілдері ескермей қалмады. Туу туралы куәлігін салтанатты жағдайда табыстап, нәрестеге арнайы сый-сыяпат жасады.

Ең қарт тұрғын

Бұл күні егде жастағы азаматтар да елеусіз қалмады. Ұлы Отан соғысының ардагері, 90 жастағы Төлеген Жақыпбаевты қала күнімен құттықтай барған билік өкілдері қонақжай отбасының дастархан басынан табылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5OTTEdoqjWA[/youtube]

Сый-құрметке лайық азамат сұрапыл соғыс жылдарынан естеліктер ақтарып, келгендерге алғысын білдірді. Ал шаһар басшылары сыйлы азаматты сый-құрметке бөлеп, қазыналы қарияның батасын алды.