Төле би көшесіндегі асхана өртенді

271
Өрт

Шымкентте кезекті өрт оқиғасы тіркелді. Кешкі сағат 20:30 кезінде 101 кезекші бөліміне суыт хабар түседі. Қоңырау шалғандар Төле би көшесінде өрт болып жатқанын хабарлаған.

Өрт

Оқиға орнына 15 өрт сөндіру техникасы мен 67 жеке құрам қызметкері шұғыл аттанады. Мұншалықты мол күштің аттану себебі – өрт шыққан жер адам көп жиналатын орын санатына жатады.

Өрт

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен соң осындағы жеке кәсіпкерлікке тиесілі асханадан өрт шыққанын анықтайды. Қызыл жалын ғимараттың шатыры мен іштегі жиһаз, тұрмыстық техниканы толық шарпыған.

Өрт

Құтқарушылардың жедел қимылының нәтижесінде тілсіз жаудың беті сағат 20:46-да қайтарылып, тағы 10 минуттан кейін өрт толық сөндірілді.

Өрт

Абырой болғанда адамдар арасынан зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, ғимарат иесіне едәуір материалдық шығын келген. Қазір өрттің неден шыққанын төтенше жағдай департаментінің анықтаушылары тексеріп жатыр.