Оңтүстікте өздігінен жұмыспен қамтылғандар көп

321

Жыл соңы таяп қалса да әлеуметтік салада игерілмеген қаржы көп. Ол аздай, жоспар толық орындалмаған. Яғни, халықты жұмыспен қамту кейбір аудан-қалаларда тек қағаз жүзінде жүзеге асқан.

Әр ай сайын әлеуметтік қорғау саласындағы атқарылған жұмыстарды саралап отыратын облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановтың да берген тапсырмалары аяқсыз қалған. Бұл туралы жалпы кеңесте айтылып, кеткен кемшіліктер жарияланды. Әсіресе, қайта оқытудан бас тартқан азаматтардың қаржысын қайтармаған жауаптылар жазаға тартылатын болды. Ордабасы ауданының әлеуметтік бөлім мамандары тапсырманы орындамақ түгілі жұмыспен қамту бағдарламасын жүйесіз жүргізген.

Ал жұмысшысына міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген жұмыс берушілер мемлекеттік қолдаудан қағылуы мүмкін. Шағын несие алып, кәсібін дөңгелеткендер мыңға жуық жұмыс орнын ашқанымен, міндетті төлем төлемей келген. Ал әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жоспардан жоғары орындалыпты. Десе де өңір де өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар көп.