Орыс драма театры Мәскеуге аттанады

418

Өңіріміздегі орыс драма театры Мәскеуде Юрий Поляковтың заманауи шығармаларына арналған «Смотрины» І халықаралық фестиваліне жолдаманы жеңіп алды. Енді өнер ұжымы айтулы фестивальге Ю.Поляковтың «Одноклассники» драмасын дайындап жатыр. Сайысқа қарашаның 14-жұлдызы күні аттанбақ.

"Одноклассники" драмасы
«Одноклассники» драмасы

Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Сұлтан Нәзірұлы Абдиевтың сахналауындағы бұл қойылым театрлық жанрлардың барлығын жан-жақты қамти отырып, күлдіреді, сол сәтте жылатып, жылатып отырып күлдіретін шығарма. Адамдық пен адалдықтың, қаталдық пен сұмдықтың шынайы көрінісі сыныптастардың 20 жылдан кейін бір дастархан басында жиналуы барысында айқын байқалады.

Ал осы кезде облыстық опера және балет театрының әртістері «Абай» операсын сахналау үшін дайындықты бастап кетті. Бұған театрдың барша әртістерімен бірге операның бас дирижері, көркемдік жетекшісі ретінде Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрның директоры Асқар Бөрібаев шақырылыпты.