Жол апатынан көлік өртеніп, жүргізуші зардап шекті

106
Көлік кенеттен өртене жөнелген

Шымкент қаласында жол-көлік оқиғасы орын алып, автокөліктің жануы салдарынан 37 жастағы азамат зардап шекті. Оқиға 17 қарашаның түнінде, «Оңтүстік» шағынауданында болған.

Көлік кенеттен өртене жөнелген

Суыт хабар кезекшіге түскен соң оқиға орнына полиция қызметкерлері, бірнеше өрт сөндіру жасағы және жедел медициналық жәрдем дәрігерлері жетті. Анық болғаны, «Фольксваген Голфь» автокөлігінің жүргізушісі рөлін иегере алмай, жол шетіндегі сайға түсіп, бос тұрған цистернаны барып соғыпты. Соның кесірінен автокөлік өртенген.

«Фольксваген» автокөлігі толығымен жанып кетті. 37 жастағы жүргізуші әр түрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, әкімшілік іс қозғалды. Қазір сараптама тағайындалған.