Өзбек театрында «Бір түп алма ағашы» пьесасы сахналанды

651

«Бір түп алма ағашы.» Облыстық өзбек театры алғаш рет өзбек тілінде Әлімбек Оразбековтың пьесасын сахналады. Театрдың сахнасында 40 жыл өнер көрсеткен актер Сайдкәрім Махмудов бұл шығармаға 4 жыл бұрынғы фестивальде қызығушылық танытқан екен. Қойылым барысында туынды көптеген өзгеріске ұшыраған.

Өзбек театры

Көп балалы ана есейіп, ер жеткен перзенттерінің балалық шағындағы былдырлап, айтқан армандарын еске алуда. Ол үйлі-жайлы болған балаларын туған күнінде күтуде. Режиссер бұл шығарманы сахналау үшін 4 жыл дайындалыпты. Әсерлі аударылған пьесада ұлттық болмысты көрсетуді мақсат тұттым дейді.

Драмада балаларын махаббатымен өсірген ананың тағдыры, онымен қоса әкелік парызын да өтеу оңай болмаған көрсетілген. Сахнадағы алма ағашы, оның жерде шашылып жатқан жемісі. Мұның барлығы адам өмірінің метафорасы іспеттес, тіршіліктің символы.

Көрермен «Перзенттің отбасылы болғанда да ата-ана қамқорлығына жүгінетініне көбіне куәміз. Сондықтан бұл қойылым өмір айнасы» дейді. 1 сағат 40 минуттық сахналанған қойылымды көрермен кірпік қақпастан тамашалады.

Асқар Сәтпаев