Билборд құлап, көлікті басып қалды

490
Құлаған билборд

10 желтоқсанға қараған түні тұрған қатты желден Шымкенттің көшесінде ілінген үлкен билборд автокөлікті басып қалды. Көлік иесі бұдан бұрын да осы жарнамалық алып қорапшаның шайқалып тұрғанын айтып, шағымданғанын айтады. Абырой болғанда өзі зардап шекпеген.

Құлаған билборд

Жәбірленушінің айтуынша, бұл билбордтың ілініп-салынып тұрғанына біраз уақат болған. Осыны біле тұра көлігін қойып кеткеніне ашынады.

Құлаған билборд

Көлікті басып қалған жарнама бильбордының ауыр темірі телефон сымдарын да үзіп кеткен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің құтқару жасағы шақырылған. Салмағы жарты тоннаға жететін темірді көтеру үшін арнайы техниканы базадан алдыртуға тура келді.

Ал қалалық әкімдіктегілер болған оқиғаға турасында түсінік бермеді. Билбордтың кімге тиесі екені турасында да жақ ашпады. Сондықтан көлікке келген шығын көлемін кімнің өтейтіні белгісіз.

[youtube]https://youtu.be/R_EqXysg8jw[/youtube]

Ернар Балабеков