Еңбекші ауданының әкімі көше және үй төрағаларын құттықтады

244
Үй төрағаларын құттықтау

Шымкенттегі Еңбекші ауданының әкімі Ғалым Ілиясов көше және үй төрағаларын құттықтады. Ауданның түйткілді мәселелерінің оңтайлы шешілуіне атсалысып жүрген 40 шақты азаматқа демеушілер тарапынан сыйлықтар тапсырылды.

Үй төрағаларын құттықтау

Әкімдік қызметкерлері қарапайым тұрғындардың жайлы өмір сүруіне мұрындық болып жүрген жандардың еңбегін бағалап, жаңа жыл қарсаңында осылай құрмет көрсетуді дәстүрге айналдырған. Билік өкілдері алдағы жылы да белсенділермен тығыз жұмыс жасау мақсатында бірқатар шаралардың жоспарын талқылап алды.