Тәуелсіздік күні қарсаңында туылған нәрестелердің аналары құрметке бөленді

522

Тәуелсіздік күні қарсаңында дүниеге келген сәбилер туу туралы куәлікке ие болды. Оны халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары перзентханаға арнайы келіп, салтанатты түрде табыс етті. Босанған аналарға сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын тарту етті. №2 периниталдық орталықтағы бес бірдей ана құрметке бөленіп, мерейі үстем болды.

Айнұр Шымкентбаева, көп балалы ана: «Өте қуаныштымын, құттықтап, арнайы келіп құжатты берді. Тәуелсіздік мерекесі алдында туылғаны үшін апасы перзентімнің есімін Ажам деп атады. Болашақта қызымның үлкен азаматша болып, елімнің гүлденуіне үлесін қосады деп сенемін, тәуелсіз еліміздің патриоты болуы үшін мен де жақсы тәрбие беремін».

Естелік сурет
Естелік сурет

Мұндай марапат-сыйға желтоқсанның 12-жұлдызынан бері дүниеге бала әкелген аналар ие болуда. Орталық мамандарының айтуынша, аталған бастама өңіріміздің барлық аудан-қалаларында қолға алынған. Бүгін 60 сәбиге дәл осындай тиісті құжат пен сый-тарту табыс етіліпті.