Туған сәбиін сатқандар сотталды

346
Бала сату

Ғаламтор арқылы бала сатпақ болған әпкелі-сіңлілі азаматшалардың ойы жүзеге аспады. Жаңа туған нәрестені саудалау оқиғасы наурыз айында тіркелген еді. Кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта екі азаматшаға қатысты айыптау үкімін оқылды.

Бала сату

Саудаға салынған нәресте Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы перзентханада дүниеге келген. Туған анасы шақалағын алты күннен кейін тапқан клиентіне беріп жібереді. Сіңілісі мен әпкесіне алдын ала сөз байласу арқылы бала сатқан деген айып тағылды.

Дүниеге әкелген ұлды 200 мың теңге және алтын бұйымдарға айырбастаған екі азаматша жасаған істеріне өкінеді. Бірақ, оның кеш екенін сот залында ұғынды. Сотталушы азаматшалардың бірі 3 баланың анасы болса, екіншісі 6 ұл-қызды дүниеге әкелген.

Серікбай Төлепбергенов
Серікбай Төлепбергенов, ОҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы

 

Сонымен, сот айыпталушылардың әрқайсысын 5 жылға абақтыға қамап, дүние-мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды.

Перзентін пұлдаған әйел мен оның әпкесі жазасын түзеу калониясының жалпы режимінде өтейтін болды. Енді үкіммен келіспеген тарап 15 тәулік аралығында шағымдануға құқылы.

Ернар Балабеков