Жылдың үздік полицейлері марапатталды

736
Үздік полицейлер

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде жыл сайынғы дәстүрге айналған үздік полиция қызметкерлерін марапаттау рәсімі болып өтті. Олар – өз қызметтік міндеттерін орындау барысында және спортта жетістікке жеткен қызметкерлер, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Үздік полицейлер

Іс-шараның мақсаты – кәсібилікті одан әрі жетілдіру, жас полицейлерді тәрбиелеу, департаменттің жеке құрамын материалдық және моральдық ынталандыру. Салтанатты рәсімге департаменттің басшылығы және жеке құрам қатысты. ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Шуашұлы Оспанов еңбегі еленген тәртіп сақшыларын мерекелерімен құттықтап, үздік қызметкерлерді марапаттады.

Үздік полицейлер

Сонымен, үздік қызметкерлер 11 номинация бойынша марапатталды. Олар:

«Үздік басшы қызметкер» номинациясы бойынша Әл Фараби ПБ-нің бастығы, полиция полковнигі Жалғасов Нұрмахан Тоғайбайұлы;

«Үздік жедел уәкіл» номинациясы бойынша Сарыағаш АІІБ-ның аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Джигитов Бекболат Есіркепұлы;

«Үздік тергеуші» номинациясы бойынша Әл Фараби ПБ-нің аға тергеушісі, полиция майоры Қарсыбаев Ерғали Рахманбердіұлы;

Үздік полицейлер

«Үздік анықтаушы» номинациясы бойынша Сарыағаш АІІБ-ның анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Балғанов Абай Жанбырбайұлы;

«Үздік криминалист» номинациясы бойынша Қазығұрт АІІБ-нің аға криминалисті, полиция майоры Қалмұрзаев Мұхтар Қожабергенұлы;

«Үздік учаскелік полиция инспекторы» номинациясы бойынша Түлкібас АІІБ-нің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Құрманбай Қолғанат Мадиярұлы;

«Үздік көші-қон полиция инспекторы» номинациясы бойынша ОҚО ІІД көші-қон полиция басқармасының инспекторы, полиция майоры Горбатенко Марина Борисовна;

«Үздік жол-патрульдік полиция инспекторы» номинациясы бойынша Шымкент ҚІІБ жол-патрульдік полиция полкінің полицейі, полиция сержанты Өмірбеков Ынтымақ Бекжігітұлы марапатталды.

Мұнымен қоса спорттық жарыстарда департамент намысын қорғап, чемпион атанып жүрген полицейлер де назардан тыс қалмады.

Үздік полицейлер

Шымкент ҚІІБ жол-патрульдік полиция полкінің полицейі, полиция кіші сержанты Есен Самат «Үздік палуан» номинациясымен;

Сайрам АІІБ көші-қон полиция бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Маймақов Нұрболат Базарбайұлы «Үздік футболшы» номинациясымен;

ОҚО ІІД ӘПБ-ға қарасты жол-патрульдік полиция батальонының қызмет жөніндегі инспекторы, полиция аға лейтенанты Анарқұлов Медет Нұралыұлы «Үздік волейболшы» номинациясымен марапатталды.

Үздік полицейлер