Әкімдік жертөлені қонақ үйге айналдырғандарға соңғы ескерту жасады

249
Қонақ үйге айналған жертөле
Қонақ үйге айналған жертөле

Жангелдин көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің тұрғындары тағы да жиналды. Мұнда көпті мезі еткен бір ғана мәселе бар. Ол – жалға берілетін пәтерлер. Халықтың айтуынша, №16 үйде 22 пәтер сағатқа немесе тәулікке жалға беріледі. Жалға пәтерін өткізетін кәсіпкермен дауласып жүрген тұрғындар әкімдікке шағымданыпты.

Әкімдік жертөлені қонақ үйге айналдырғандарға соңғы ескерту жасады

Бұл жолғы рейдке шақырылғандардың барлығы түгел жиналды. Прокуратура қызметкерінен бастап әдетте қоңырау шалып шақырта алмайтын учаскелік инспектор да осында.

Динара Назарова – осы үйдің тұрғыны. Бүгін де бар тірлігін тастап, жиынға қатысуға келді. Өзге көршілері секілді бұл азаматша да кешкісін басталатын у-шу мен түнгі тәртіпсіздіктер туралы айтып, шағымданбаған есігім қалмады деп отыр.

Әкімдік жертөлені қонақ үйге айналдырғандарға соңғы ескерту жасады

Осымен атышулы үйдегі мәселе бойынша үшінші рет тексеру ұйымдастырылып отыр. Оннан астам пәтері бар кәсіпкер үйдің астындағы жертөлені де қонақ үйге ыңғайластырып қойған. Әбден шаршаған тұрғындардың кейбірі пәтерлерін сатуға көшкен. Ақшаны осындай жолмен табуға дәніккендер тұрғындарға уәде беруден де ұялмайды.

Әкімдік жертөлені қонақ үйге айналдырғандарға соңғы ескерту жасады
Қонақ үйге айналған жертөле

Аудан әкімдігінің өкілдері бұл азаматтарға ескертуден бөлек әкімшілік жаза көргендерін айтады. Осы ескерту ескерусіз қалса, сотқа арыз берілмек. Сөйтіп, заңсыз салынған құрылыс бұзылатын болды. Шымкенттегі Әл Фараби ауданы әкімінің орынбасары Серік Нұрманов осылай дейді.

Әкімдік жертөлені қонақ үйге айналдырғандарға соңғы ескерту жасады
Қонақ үйге айналған жертөле

Заңды белшесінен басып, өзгенің тыныштығын алатындар үшін жертөлені бөлмеге айналдырып, қосымша бөлме тұрғызу түк емес. Ал өзгелер үшін ол – үлкен проблема. Мұны да тексеретін кез келгелі қашан. Әкімдік мамандары бұл соңғы ескерту екенін айтады.

Ернар Балабеков