Әл Фараби ауданының әкімі есеп берді

323
Әл Фараби ауданының әкімі

Әл Фараби ауданының әкімі тұрғындармен кездесіп, бір жылда атқарған тірлігімен таныстырды. Қаратау ауданының құрылуына байланысты бұл ауданда халық саны да, аумағы да әлдеқайда кеміген. Қаланың орталығы саналатын ауданда коммуналдық мәселелер біршама шешілген. Соған қарамастан бүгінгі кездесуде көпшілік тарапынан аудан әкіміне қойылған сауалдар аз болмады.

Әл Фараби ауданының әкімі

Әл Фараби ауданында 156 мың тұрғын, 14 елдімекен бар. Қаладағы өзге аудандарға қарағанда тұрғыны ең аз болғанымен, өзіне тиесілі проблемасы жетерлік. Ауданда халықа күнделікті қажетті инфрақұрылым толық шешілген деуге болады. Бүгінгі кездесуге келгендер әкімге алдымен алғыс айтты.

Жиынға келгендердің қатарында әкімге сауал жолдап, көмек сұрағандар да бар. Әсіресе, ескі қалашықтың орнына заңсыз баспана тұрғызып алған 13 отбасы көмекке мәжбүр. Өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін түсінгенімен, көктемге дейін жарық, ауызсу жүргізіп беруін өтінеді.

Екі сағатқа созылған кездесуде аудан әкімі өткен жылы жасаған тірліктері мен алдағы жоспарын тізбектеп берді. Әкімнің 40 минуттық баяндамасын тыңдап, көкейдегі сауалдарын қойған көпшілік атқарылған жұмысқа жақсы деген баға берді.

Нұрлан Жаңабай