Адам қағып, қашып кеткен жүргізуші сотталуда

173
Айыпталушы

Шымкенттегі Абай аудандық сотта жүргіншілер өткелінде адам қағып кеткен жүргізушінің ісі қаралды. Қайғылы оқиға 2015 жылдың 15 қарашасында орын алған еді. Ауыр жарақат алған 34 жастағы Жанболат Төлендиев жедел жәрдем қызметкерлері жетпей жан тәсілім еткен.

Айыпталушы

Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кетеді. Араға бірнеше сағат салып, полиция қызметкерлері Опель көлігінің жүргізушісі, 1996 жылғы азаматты қолға түсіреді. Сотта ол бар кінәсін мойындап, зардап шеккен жүргіншіге көмек көрсетпей кетіп қалу себебін де түсіндірді.

Айыпталушы 20 жастағы Марат Исрайлов қылмысты кодекстің бірнеше бабы бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал марқұмның соңында әйелі мен 2 жасар баласы қалды.