Алты жасар қыз жолынан адасып қалды

321
Адасқан қыз
Адасқан қыз

Шымкентте № 111 бағыттағы көлікте 6 жасар қыз адасып қалды. Ол автобуста ұйықтап қалған екен.

Адасқан қыз
Адасқан қыз

Өзінің айтуынша, Құрсай елдімекенінде тұрады. Сіңлісін мектептен алып кету үшін автобусқа отырған. Осылайша тәтті ұйқының кесірінен адасып қалыпты.

Қызды тапқан бозбала

Оны тауып алған жас жігітке бүлдіршін өз әкесінің құрлыыста жұмыс істейтінін айтқан. Сол жерге барған сәтте ешкім табылмапты.

Адасып қалған қыздың айтуынша, ол №15 мектепте оқиды. Есімі Нұргүл екен. Анасы тағы бір сәбиіне қарап, үйінде қалған. Қазір табылған қыз Әл Фараби алаңындағы полиция бекетінде отыр. Тәртіп сақшылары ата-анасын іздестіруде.