Облыс әкімі call-орталық жұмысына оң баға берді

151
Бейбіт Атамқұлов coll-орталықта

Аймақ басшысы Б.Атамқұлов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша ашылған бірыңғай байланыс орталығына барды. Өңір басшысы ашылғанына аз уақыт өтсе де 2000-нан астам сұрақ қабылдап, тұрғындардың өтініш-арызын тиісті салалар мен орталықтарға бағыттап, нәтижелі жұмыс жасап отырған орталықты оң бағалап, ұжымға өз алғысын білдірді.

Бейбіт Атамқұлов coll-орталықтаЕкі айдан астам уақыттың ішінде байланыс орталығына келіп түскен 1941 қоңыраудың 678-і жылу мәселесіне қатысты болса, көгілдір отын бойынша — 196, электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі негізінде — 167, ауызсу бойынша — 117, Шымкент қалалық ТҮКШ бөліміне — 163, Шымкент қаласы аудандарының әкімдіктеріне 373 хабарлама жолданған.

Ал қалған 250-дей арыз-шағым өзге де жауапты мекемелерге жіберілген. Байланыс орталығына келген қоңыраулар негізінен Шымкент қаласының тұрғындарынан түскен. Ал биылдан бастап байланыс орталығы облыстың барлық аудандарынан қоңыраулар қабылдауды жоспарлауда.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі байланыс орталығын ашқан алғашқы облыс.