Шымкентте «Даму» қоры қаржыландырған балабақша бар

497
балабақша

Шымкентте «Даму» қорынан қаржыландырып, жұмыс істеп тұрған балабақша бар. Онда балғындардың тәлім-тәрбие алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Мектепке дейінгі білім орны Мадлен Оразбаевтың идеясымен ашылыпты. Осы мақсатта кәсіпкер «Даму» қорынан несие сұрап, нәтижесінде алға қойған жоспарын іске асырған.

vlcsnap-2016-01-26-15h30m00s255

Екі қабатты ғимаратта 150 балаға орын бар. Мекемеде оқу сыныптары, жататын орын және медициналық қызмет көрсету кабинеттері бар. Қазір мұнда 30 адам жұмыс жасайды. Балабақша мемлекеттік бюджет есебінен тапсырыс алғандықтан, төлем ақы құны 8340 теңгені құрайды.

vlcsnap-2016-01-26-15h30m40s208

 

Жалпы, «Даму» қорының қаржыландыруымен Шымкентте 49 бизнес-жоба қолдау тапқан. Бұл кәсіпорындардың іске асуы үшін қордан 839,34 млн теңге бөлінді.