Шымкенттің шағын көшелеріне электр шамдары орнатылды

681
Көше шамдары

2015 жылы Шымкент қаласы бойынша 21 орталық көшеге түнгі жарық жүйелері орнатылып, пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құраған желінің жұмысына 165 миллион теңге қаралып, 1119 электр шамы орнатылды.

Көше шамдары

Өткен жылдың соңында Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов қалаға қосылған елдімекендердің мәселелерімен танысу үшін Әл Фараби ауданы тұрғындарымен кездескен болатын. Сонда жергілікті тұрғындар Терешкова-Быковский көшесі бойын жарықтандыру мәселесін айтты.

Осыған орай шаһар басшысы қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысына тез арада аталған көше бойына электр шамдарын орнату туралы тапсырма береді. Нәтижесінде, қысқа уақыт ішінде аталған көшелер түгелдей жарықтандырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің б аспасөз қызметі.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының орынбасарлары Ерлан Есіркеповтың айтуынша осы көше бойындағы жарықтандыру жұмыстарына 9 млн 655 мың теңге қаралған. Ұзындығы 2 шақырымға жуық көше бойына 68 жарық шамы орнатылды. Қазіргі таңда энергия көздерін үнемдеуге арналған заманауи жаңа электр шамдары тұрғындардың пайдалануына берілді.