Тұрғындар аудандық полиция басшысын тыңдады

867
Әл Фараби ПБ бастығы Нұрмахан Жалғасов
Әл Фараби ПБ бастығы Нұрмахан Жалғасов

Әл Фараби ауданының тұрғындары жергілікті полиция бөлімінің басшысымен кездесуге мүмкіндік алды. Кездесуге осы ауданның прокуроры мен әкімі де қатысты. Ауданның бас полицейі халық алдында жыл бойы атқарған жұмысын саралап берді.

Халықпен кездесу

Кездесуге келген тұрғындар ауданның криминогендік ахуалынан бөлек аулалар мен көшелердің жарықтандыру мәселесін көтерді. Жарықтандырылған кейбір шамдарды бұзақылардың сындыратыны да сөз болды.

Әл Фараби ПБ бастығы Нұрмахан Жалғасов
Әл Фараби полиция бөлімінің бастығы Нұрмахан Жалғасов

Ашынған жұрт ортақ пайдаланатын заттарды бүлдіретіндерді тауып, халық алдында жазалау керегін ашық айтты. Аудандық полиция бастығы Нұрмахан Жалғасов тұрғындардың мақтауы мен сынын тыңдап, қорытынды шығаратынын жеткізді.

Ернар Балабеков