Терешкова көшесіне жарық шам орнатылды

329
жарық шамы

Шымкент қаласындағы Терешкова көшесіне жарық шамдары орнатылды. Бұрынғы «МЖК» атауымен көпшілікке таныс ауланың тұрғындары үшін мұндай абаттандыру жұмыстары көптен бері қажет еді.

жарық шамы

Енді жергілікті халық түнде алаңдамай жүретін болады. Бұл үшін тәртіп сақшыларының жұмысы да күшейтіледі. Көріктендіру жұмыстары аясында көшедегі 60-тан аса бағанаға жарық шамдары қойылған.

ескі лифтСондай-ақ, Терешкова көшесіндегі №50 «А» үйге жеделсаты орнатылатын болды. Алайда бұл бағыттағы коммуналдық жұмыстар демеушілер есебінен жүргізілмек.