Автокөлік өзенге құлап кетті

205
Өзенге құлаған Ваз

Шымкентте әдеттегіден өзгеше жол апаты тіркелді. Соның салдарынан көлік өзенге құлап кеткен.

Бұл жол-көлік оқиғасы 2 ақпаннан 3-іне қараған түні болды. Асанбай Асқаров көшесі мен Абай даңғылының қиылысында Ваз және Хендай көліктері соғысып қалған. Соның кесірінен Ваз көлігі жолға жақын өзенге құлап кетті.

Өзенге құлаған Ваз

Куәлердің айтуынша, Ваз көлігі Асқаров көшесінің бойымен опера және балет театры жақтан келген. Сөйтіп, көше мен даңғылдың қиылысында тұрған Хендайға соғысқан. Одан әрі жылдамдығын тоқтатпаған күні жолдың шетіндегі қоршауды бұзып, өзенге құлап кетеді.

Өзенге құлаған Ваз

Куәлердің айтуынша, Ваздың жүргізушісі мас болуы мүмкін. Ол көлігінен шыққан соң сол жерден кетіп қалған. Жарақат алған-алмағаны белгісіз. Қазір полиция қызметкерлері мен-жайды анықтап жатыр.