Доллар мен евро саудасындағы жаңа ереже

604
валюта айырбастау пункті

АҚШ доллары үшін – 6, евро үшін – 7 теңге. Бүгіннен бастап ұлттық банк доллар мен еуроны сатып алу және сату арасындағы жаңа айырмашылықты бекітті.

валюта айырбастау пункті
валюта айырбастау пункті

Шымкенттегі валюта айырбастау орындарында доллар бағамы 364-365 теңгеге тең, ал сатылым бағасы – 358-360 теңге. Долларды ұлттық валютаға айырбастау да ешқандай қиындық туғызбайды. Алайда, кассирлер демалыс күндері АҚШа ақшасын ауыстыру мүмкін болмады дейді.

Бүгіннен бастап айырбастау орындарындағы доллар мен евроны сатып алу және сату арасындағы жаңа айырмашылық күшіне енді. Ұлттық банктің арнайы қаулысымен шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері нақтыланды.

Осылайша айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері АҚШ доллары үшін – 6, евро үшін 7 теңге болып белгіленіп отыр.