Шымкентте көліктің қосалқы бөлшегін ұрлаумен айналысқан топ ұсталды

231
Күдіктілер
Күдіктілер

Шымкентте көліктердің қосалқы бөлшектерін қолды етіп отырған ұйымдасқан қылмыстық топтың көзі жойылды. Оларды Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері ұстаған.

Күдіктілер – 1988, 1990 және 1991 жылдары туылған Шымкент қаласының тұрғындары, жұмыссыз. Тергеу барысында олардың 80-нен ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Күдіктілер
Күдіктілер

Жас жігіттер түн ішінде, ауа райының қолайсыздығын пайдаланып, көп қабатты үйлердің алдында тұрған көліктердің капоты мен салонын бұзып ашып, ондағы бағалы заттар және қосалқы бөлшектерін, волюметрлерін, аккумуляторларын, борт компьютерлерін және т.б. қолды етіп отырған. Содан кейін ұрланған заттарды түрлі сауда нүктелеріне, қалғанын металл қабылдайтын орындарға өткізіп келіпті.

Аккумуляторлар
Ұрланған аккумуляторлар

Жәбірленушілерге келтірген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңгеден асады. Қазіргі осы жайт бойынша қылмысты кодекстің 188 (ұрлық) және 262-баптары (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету) бойынша іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айғақ зат ретінде тәркіленген волюметрлер, аккумуляторлар, борт компьютерлер заңды иелеріне қайтарылды.