Шымкентте жапон айвасы гүлдеді

364
Жапон айвасы гүлдеді

Шымкентте ақпан айының ызғарлы болуына қарамастан жапон айвасы гүл аша бастады. Сәндік мақсатта отырғызылатын бұл бұталар әдетте сәуір айының соңы мен мамыр айында гүлдейді. Сол кезде бұл маңда жұпар иіс аңқып, көздің жауын алып тұрады.

Жапон айвасы гүлдеді

Жемісі емдік мақсатта қолдынылатын бұл дарақ күннің қара суығына қарамастан бүршік атып, әдемі гүлін ашып жатыр. Айта кетейік, соңғы бір аптада шаһарда ауа температурасы түнде 7-8 градусқа дейін төмендеп кеткен. Соған қарамастан жапон айвасы гүлдей бастағанын алғаш қала тұрғындары байқады.

Жапон айвасы гүлдеді

Мамандар өңірдің жылы табиғатына бейім бұл өсімдіктің ерте гүлдеуін қаңтар айының қатты жылып кетуімен байланыстырады. Еске салайық, облыста екі апта шамасында ауа температурасы 15 градусқа дейін жылы болған.