АИ 92 бензині 118 теңгеге арзандады. «ҚазМұнайГаз» серіктестігінің өкілдері осылай деп мәлімдеп отыр. Компания өкілдерінің айтуларынша, 14 наурыздан бастап серіктестіктің жанар-жағармай бекеттерінде 1 литр бензин 118 теңгеден сатылуда. Бұл жаңалық Наурыз мерекесіне орайластырылған.
Алайда кейбір сарапшылар елімізде жанармай бағасы тағы қымбаттауы мүмкін деп болжайды. Айта кетейік, наурыз айынан бері көрші Ресейде бензиннің бағасы орта есеппен 0,3% пайызға өскен. «Роснефть» компаниясына тиесілі жанармай бекеттері бензин бағасын ақпан айының ортасынан бастап өсіре бастаған болатын.
Мұнай өңдеу компаниялары бағаны өсірудің негізгі себебін жанармай акциздерінің қымбаттауымен және қор нарығындағы бензин бағасының жоғарылауымен байланыстырып отыр.