Қазақстан шекарасынан жүздеген тасбақа табылды

429
Қазақстан шекарасынан жүздеген тасбақа табылды

Оңтүстіктегі шекара бекетінен иесіз жануарлар табылды. Жүздеген тасбақа үлкен бөшкеге салынған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсізідк комитетіне қарасты шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан шекарасынан жүздеген тасбақа табылды

Әдеттегіден өзгеше жүкті Сарыағаш шекара отрядына қарасты «Қайрат» бақылау-өткізу бекетінің шекара жасағы тапқан. Шекарашылар «Ашынал» арнасының маңайынан тапқан бөшкенің ішін ашып қарағанда одан тарбаңдаған тасбақалар шыға келеді. Санап жіберсе, темір ыдысқа сығымдалған табиғат жануарының жалпы саны 300 болып шықты.

Қазақстан шекарасынан жүздеген тасбақа табылды

Бөшкенің мемлекеттік шекара сызығынан бар-жоғы 30 метр жерде жатқанына қарағанда әлдекім осындай жолмен экзотикалық жануарларды елімізге өткізуге тырысқаны әбден мүмкін дейді шекарашылар. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабар беріліп, тексеру жалғасуда.