Елеуовтар отбасы – «Айтуға оңай» бағдарламасында қонақта

553
Елеуовтар отбасы
Елеуовтар отбасы - "Айтуға оңай" бағдарламасының студиясында

Шымкенттегі Елеуовтар отбасы Алматыдан оралды. Отбасындағы бес баланың үшеуі сал ауруына шалдыққан жанұяны «Айтуға оңай» бағдарламасының шғырмашылық ұжымы қонаққа шақырған.

Елеуовтар отбасы
Елеуовтар отбасы – «Айтуға оңай» бағдарламасының студиясында

Осы отбасының екі бала мен анасы «Қазақстан» ұлттық арнасындағы ток-шоуға «Отырар» телеарнасының тілшісі Шынар Оразовамен бірге барып қайтты.

Елеуовтар отбасы
Елеуовтар отбасы

Бағдарламаға қатысқан «Шұғыла» қоғамдық қорының өкілдері балаларға мүгедектер арбасын жеткізіп беретін болды. Ол үшін бір күні бойы балалармен бірге болып, қажеттіліктері мен өзге де ақпараттар біліп, сұрастырды.

Елеуовтар отбасы
Елеуовтар отбасы «Шұғыла» қорының өкілдерімен бірге

Сондай-ақ, бағдарлама барысында бүлдіршіндердің оңалуына қолдау көрсететіндер де көптеп табылды. Ток-шоудың Елеуовтар отбасына арналған санын 11 наурыз күні сағат 11:45 және 20:15 -те «Қазақстан» ұлттық телеарнасында тамашалай аласыздар.