Оңтүстікте ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтеді

291
құрылыс

Оңтүстік Қазақстанда ІІ халықаралық құрылыс көрмесі өтеді. Шымкенттегі «Көрме» орталығында 16-18 наурыз аралығында сағат 11:00-де «ShymkentBuild – 2016» атты екінші халықаралық құрылыс көрмесі өтеді.

құрылысКөрмеге бүгінде нарықта қажетті саналатын тауарларды ұсынатын 40-қа жуық құрылыс компаниясы қатысады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нақты айтқанда қатысушылардың стендерінде құрылысқа қажетті сәнді, заманауи құрылыс материалдары ұсынылатын болады.

Айта кету керек, көрмеге бетон өндірісі үшін жабдықтарды ұсынатын «Камск бетон зауыттары» алғаш рет қатысып, Ariston Thermo S.P.A компаниясының су жылытқыштары мен газ қазандықтары, «Fleet & Equipment Solutions» компаниясының жоғары технологиялы жол және құрылыс жабдықтары қойылатын болады.

Бұдан бөлек, екі күндік шараға қатысушылар түрлі шетелдік танымал компаниялардың өнімдеріне баға беріп, оны пайдаланып көруіне мүмкіндігі болады.