Полицейлер өз әріптестерін құттықтады

314
Әйел-полицейлер

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде 8 наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесінің құрметіне салтанатты жиын болып өтті. Бас қосу ұжымдағы әйелдер қауымына арналды.

Салтанатты жиынды ашқан департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сырым Абдуллаев құттықтау сөзінде әйел-полицейлердің маңызды роліне ерекше тоқталды. Қиындығы басым қызмет пен отбасының ұйытқысы болуды қатар алып жүрген аруларға алғыс айтты. Сырым Абдуллаев еліміздің барша аруларын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтап, денсаулық, махаббат, жұмыста табыс, әрбір отбасына амандық пен тыныштық тіледі.

Әйел-полицейлер

Одан кейін департаменттің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың әйелдер қауымына арнаған құттықтау сөзін жеткізді.

Әйел-полицейлер

Содан соң қызметте жоғары көрсеткіш көрсеткен департаменттің 15 қызметкері ішкі істер министрінің бұйрығымен марапатталды. Ал облыста қызмет атқаратын 380 әйел қызметкерге ақшалай сыйақы берілді.

Сондай-ақ, қызметтік міндетін өтеу кезінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аналары, жарлары, қыздарына да бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Әйел-полицейлер

Арулар мерекесіне арналған салтанатты жиынның соңы облыстық өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен концертке ұласты.