Шымкентте жарты ғасыр бойы күрек тимеген канал тазаланып жатыр

390
Канал тазалау

Шаһарда 50 жыл бойы тазаланбаған каналда көріктендіру ісі жүргізіле бастады. Шымкент арнасының Дулати көшесі маңайындағы көпір тұсы қоқысқа лық толған. Алғашқы күннің өзінде «ЛТД тұрмыс» мекемесінің жұмысшылары 10 көлік қалдық шығарды.

Канал тазалау

Каналдан өтетін көпірдің асты қоқысқа лық толып қалған. Оны жұмысшылар тап бір үңгір қазғандай, қайламен ұрып тазалауда. Жылдар бойы тапталып қалып, топырақпен езілген қоқыс өзге құралға көнер емес.

Канал тазалау

Ұзындығы 70 метрге жуық өткел астын бір айда толық тазарту жоспары бар. Бір өкініштісі, шаһар басшылығы қаладағы каналдарды қанша тазартқанымен, тұрғындар ластауды тоқтатар емес. Аталған арықтың 20 шақырымға жуық арнасы шайынды су ағатын атызға айналып кеткен. Енді жергілікті билік ластауға құмар тұрғындарды әкімшілік шараға тартуды қолға алмақ.

 

Бір өкініштісі, шаһар басшылығы қаладағы каналдарды қанша тазартқанымен, тұрғындар ластауды тоқтатар емес. Аталған арықтың 20 шақырымға жуық арнасы шайынды су ағатын атызға айналып кеткен. Енді жергілікті билік ластауға құмар тұрғындарды әкімшілік шараға тартуды қолға алмақ.

Шымкент каналы 1950 жылдары Бадам өзенінен бастау алып, қазіргі Самал-3 шағынауданының орнында болған егістікті суару үшін салынған. Заман өте келе арнаның басы да, аяғы да жермен-жексен болып кеткен. Қазір ол тек жауын-шашын жиналатын атыздың рөлін атқарып тұр. Сол себепті болар, тұрғындар кәріз суын ағызатын шұңқыр ретінде пайдаланып кеткен. Бұдан бөлек шаһардағы Жаңашек каналы да тап осындай жағдайда. Одан да сарқырап су ағудың орнына қордаланған қоқыс жиналып, полигон арыққа айналған.

Нұрлан Жаңабай