Құбыр бар, газ жоқ

389
көгілдір отын

5555555555555555555555555Құбыр бар, газ жоқ. Осыдан бес ай бұрын газдандыру құрылысы аяқталған Төле би ауданы Көксәйек аулының 500-дей тұрғыны әлі күнге көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр. Халық баз баяғы күйде отын жарып, күл шығарып күнелтуге мәжбүр.

Көксәйек аулының тұрғыны Валентина Данилова отынын жарып, үйін жылытудың қамымен жүр. Сексеннің сеңгіріне шықса да пеш жағып, қара күйеден қол үзе алмай келеді.

Жергілікті биліктің елдімекенді газбен толықтай қамтимыз деген уәдесіне сенген кейуана ішкі құбыр жүйелерін жүргізу үшін тиісті төлемін де жасап қойған. Алайда, оған бес ай өтті.

Былтырғы желтоқсан айында, Тәуелсіздік күні қарсаңында дүйім жұрттың қуанышында шек болмаған еді. Билік ауылдарды газдандыру құрылысының толықтай аяқталғанын айтып, ауылдық округтің 100 пайыз табиғи отынға қол жеткізетінін айтып елден сүйінші сұрағаны да есте.

Шын мәнінде ауылдық округте газдандыру құрылысы әлі күнге бітпеген болып шықты. Сала мамандарының сөзіне сенсек, жұртшылықты толықтай көгілдір отынмен қамту үшін алдымен қауіпсіздік шаралары пысықталуы керек.

Отын қамдап, күл шығарып күнелтуге көндіккен қауым әлі де сабыр сақтап, табиғи отын берілетін күнді күтумен келеді. Келесі жылыту маусымына дейін газ берілмесе, сотқа дейін арызданамыз деп отыр.