Күнгейлік қолөнерші тәуелсіздікке тарту жасады

718

Күнгейліктер ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тарту жасап жатыр. Мерейтой құрметіне жерлесіміз, әйгілі суретші, қазақи қолданбалы өнердің хас шебері Құттыбек Жақыповтың өнер-жинағы жарық көрді. 184 беттен құралған кітап жобасының авторы – журналист Күлия Смайылханқызы Айдарбекова.

13081654_830569087049067_612673791_n

13059857_830569053715737_513401799_n

12596006_830569067049069_929983524_n

Құттыбек Жақыпов
Құттыбек Жақыпов

22efc639dd4813ace721284a5716dca4

18ceaa40f433dbdf1f01d8a70f0c1e7e

64a11fb71130ab2ed75c2ecf9c376329

c7446a825ce8050b580c407c33626cbd

3a08e9d015598308f5ce332ddacc5614

bdf628be04980222fe6fbe9e9f20c1ca

Ұлттық мұражай басшысы - Дархан Мыңбай
Ұлттық мұражай басшысы – Дархан Мыңбай

13023660_830569120382397_681207698_n

f68fe2ce007334c4811d7cc35b21e9f6

Жаңа туындының тұсауы  Астана қаласындағы ұлттық мұражайда кесіліп, қалың оқырманға жол тартты. Сондай-ақ, бас мұражайда Құттыбек Тыныбекұлының «Ғасырлар үні» атты көрмесі ашылды.

Онда өнер иесінің 33 жылдан бергі еңбектері топтастырылып, көпшілік назарына ұсынылып отыр. Қазақтың төл өнері мен елдің тағдыры көрініс тапқан фольклорлық-мифологиялық сарындағы гобелендерді тамашалаушы тұрғындардың қарасы қалың. Ұлттық мұражайдың басшысы Дархан Мыңбай жаңа жинаққа оң бағасын беріп, қолөнершіге шығармашылық табыс тіледі.