Оңтүстік құтқарушылары теріскей халқына көмектесуде

208
Оңтүстіктің құтқарушылары Солтүстікке көмекке аттанды

Оңтүстік Қазақстан облысының құтқарушылардың теріскейліктерге көмектесуде. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы төтенше жағдайға байланысты күнгейлік құтқарушы топ көмекке келген.

Оңтүстіктің құтқарушылары Солтүстікке көмекке аттандыТасқынның алдын алу үшін шымкенттік 20 құтқарушы мен 3 техника жұмылдырылыпты. Осылайша оңтүстікқазақстандық төтенше жағдай қызметінің құрамы артып, 30 маман мен 5 техникаға көбейген. Белгіленген жеріне мерзімінде жеткен құтқарушылар атбасарлық ағайынға көмек қолын созуда.

Екі топ 7 сәуірден бастап қалтқысыз қызмет етіп, топан судың қаупін сейілткен. Құтқарушы топ дамбының биіктігін көтеріп, 1610 қап құм тасып, су басқан үй тұрғындарын эвакуациялауға қатысқан.