Субұрқақтар 20 сәуірде қосылады

354
Субұрқақтар 20 сәуірде қосылады

Шымкенттегі су бұрқақтары 20 сәуір күні іске қосылатын болды. Коммуналдық қызметшілер алдағы күндері ауа райының ыстық болатынын алға тартып, 23 субұрқақты қосуды жоспарлап қойыпты.

Субұрқақтар 20 сәуірде қосылады

Айта өтейік, шаһардағы фонтандардың екеуі «ән салып, би билейді». Былтыр іске қосылған екі субұрқақ та қалалықтарды қуантуға дайын. Әдеттегіден он күн бұрын қосылатын фонтандарды күтіп баптауға 125 млн теңге бөлінген.

Ал субұрқақтарды күтіп-ұстау жұмыстары «Жасыл қала» мекемесіне жүктелген. Мамандар әрбір фонтанның қосылуынан бастап 31 ұңғыманың таза болуына жауап береді. Мамандар, сондай-ақ, алдағы уақытта халық көптеп демалатын саябақтардан бөлек аллеяларда субұрқақтардың саны артатынын айтып отыр.