Тәнкеевтің жазасы өзгерусіз қалды

324
Айыпталушы Тәнкеев
Айыпталушы Тәнкеев

Мұрат Тәнкеевтің үкімі өзгеріссіз қалды. Облыстық сотқа қарауға түскен апелляциялық шағым бойынша бірінші сатылы соттың шешімі өзгертілмеді.

Айыпталушы Тәнкеев
Айыпталушы Тәнкеев

Еске салайық, Тәнкеев жол-көлік апатын жасап, бірнеше адамның қаза болуына себепкер болғаны үшін 9 жылға сотты болған еді. Үкім бойынша ол қоныс колониясында жазасын өтейді.

Бұл шешіммен келіспеген жәбірленуші және қорғаушы тарап облыстық сотқа шағым түсірген болатын. Бұл жолы да жәбірленуші тараптың Тәнкеевке қатаң жаза берілсін деген тілегі қанағаттандырылмады.

Ал, екінші, қорғаушы тарап Тәнкеевтің бұған дейін сотты болмағанын және мінезінің дұрыстығын есепке алып, кесілген жаза түрін жеңілдетуді сұранған екен. Дегенмен, облыстық соттың судьялары мән-жайды ескеріп, алғашқы шешімді өзгертпеді.