ОҚО прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

523
Әлімбеков Мұрат Махамбетәліұлы
Әлімбеков Мұрат Махамбетәліұлы

Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының жаңа орынбасары таныстырылды. Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов қатысқан ОҚО әкімдігінің үйлестіру кеңесінде облыс прокурорының жаңа орынбасары таныстырылды. Бұл лауазымға Әлімбеков Мұрат Махамбетәліұлы тағайындалып отыр.

Әлімбеков Мұрат Махамбетәліұлы
Әлімбеков Мұрат Махамбетәліұлы

Мұрат Махамбетәліұлы 1961 жылы 9 мамырда Ордабасы ауданында дүниеге келген. Білім жоғары. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Прокуратура саласындағы еңбек жолын 01.10.2004 жылы Орал облысы, Бурлин ауданында тағылымдамадан өтуші болып бастаған ол кейіннен Орал қаласы прокурорының көмекшісі, 1991 жылдан бастап басқарма прокуроры, бөлім бастығы және ОҚО прокуратурасының басқарма бастығы болып қызмет етті.

Содан кейін Асықата ауданы прокурорының орынбасары, Мақтаарал ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметтерін атқарған. Ал 2004 жылы Созақ, Ордабасы және Абай аудандарының прокуроры лауазымында болды.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарып келді.