Шардараның полицейлері екі адамды өрттен сақтап қалды

267
Шардараның полицейлері екі адамды өрттен сақтап қалды

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері жергілікті екі тұрғынды өрттен аман сақтап қалды. Олар – Шардара аудандық ішкі істер бөлімінің үш қызметкері, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Шардараның полицейлері екі адамды өрттен сақтап қалды

Оқиға 10 мамыр күні болған. Сол күні кешкі сағат 17.00-де полицейлер Бексұлтан Кеңесов пен Сәбитжан Аязханов жедел тапсырмамен кетіп бара жатып, Шардара қаласындағы Қазыбек би көшесінде орналасқан екі қабатты үйде өрт болып жатқанын көреді. Тәртіп сақшылары дереу көмеккке келіп, пәтер есігін ашпақ болады.

Шардараның полицейлері екі адамды өрттен сақтап қалды
Өрт шыққан үй

Бірақ, есік іштен ілінген екен. Көршілердің айтуынша, іште адамдар бар. Жанып жатқан пәтердің есігін ашу үшін Аязханов көрші үйден күрек алып келеді, ал Кеңесов осы уақытта кезекші бөлімге өрт жайлы хабарлайды.

Шардараның полицейлері екі адамды өрттен сақтап қалды

Көмекке жүгірген әріптестеріне ювеналды полиция инспекторы Мәди Нұржанов та қосылып, темір есікті күрекпен бұзып ашады. Іштен көмек сұраған дауысты естіп, кіргенде, бір бөлмеде есеңгіреп жатқан екі ер адамды көреді. Тәртіп сақшылары 31 жастағы үй иесі мен оның 36 жастағы танысын сыртқа алып шығып, алғашқы көмек көрсетеді.

Шардараның полицейлері екі адамды өрттен сақтап қалды

Алдын ала анықтау бойынша өрттің шығуына бұл екі жігіттің темекі қалдығын сөндірмей, үстел жанында ұйықтап қалуы себеп болуы мүмкін. Қалай болғанда да құқық қорғаушылардың кәсібилігі мен қырағылығының нәтижесінде Құдай сақтап, ұйқыдағы адамдар аман қалды. Ол екі жігіт өмірлерін сақтап қалуға көмек берген полицейлерге алғыстарын айтады.