Түлкібас ауданында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп кетті

417
Түлкібас ауданында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп кетті

Түлкібас ауданында жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік өртенді. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түлкібас ауданында жол апатына ұшыраған көлік өртеніп кетті

19 мамыр күні Түлкібас аудандық ішкі істер бөліміне белгісіз азамат Алматы-Ташкент тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, нәтижесінде автокөлік өртеніп жатқаны туралы хабар берген. Оқиға орнына барған полицейлер сағат 18.40 шамасында Алматы-Ташкент тасжолынан 635-шақырымында Тараз қаласына бет алған «Крайслер 300» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіне қарай ұшып кеткенін анықтайды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік бірнеше рет аударылып, өртене жөнеледі. Сол жерге келген өрт сөндірушілер тілсіз жауды өшіріп тастады. Ал жедел жәрдем қызметкерлері жүргізушіге медициналық көмек көрсетті.

Полицейлер автокөлікті 1970 жылы туған жергілікті тұрғын басқарғанын анықтады. Құдай сақтағанда рөлдегі азамат жол апатынан зардап шекпеген. Ол ауруханаға барудан бас тартты.

Осы факті Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіміне тіркелді. Сараптама тағайындалған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.