Оңтүстікте білім мекемелеріне өртке қатысты 40 млн теңге айыппұл салынды

293

Оңтүстік Қазақстанда облыс әкімінің қаулысымен өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды. Мұндағы мақсат – өрттің алдын алып, жастарды өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға оқыту.

"Қазақстан" кинотеатры өртенді
Мұрағат

20 маусым мен 1 тамыз аралығнда өтетін ауқымды іс-шарада барлық білім беру нысандары өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеріледі. ОҚО ТЖД басшысы Александр Путейконың айтуынша, аталған айлық аясында қолға алынған іс-шаралар кешені білім мекемелерінде өрттің орын алу қауіпін азайтып, оның алдын алуға себеп болады.

Негізінен, департамент тарапынан үнемі тексеру жүргізіліп тұрады дейді жауаптылар. Атап айтқанда биылдың басынан мемлекеттік инспекторлар 33 интерактивті дәріс ұйымдастырды. Оған 249 оқу орнынан 6694 адам қатысты. Өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күндері мен экскурсиялар, жарыстар мен сұрақ-жауаптар өткізілуде.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің  мәліметінше, 2016 жылдың наурыз-мамыр айлары аралығында 1700-ден астам білім мекемесі тексеріліп, өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзуға қатысты 10 мыңнан астам жағдай анықталды. Нәтижесінде білім саласының 1300-ден астам қызметкеріне 40 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тіркелген өрт статистикасына көз жүгіртсек, соңғы бес жылда білім нысандарының 35-інде өрт шығып, көлемі 7 миллион теңгеден астам шығын келген. Ал 2016 жыл басталғалы 1 білім мекемесінде өрт жағдайы тіркелді.