Облыс әкімі қазақ драма театрына автобус сыйлады

255
Облыс әкімі қазақ драма театрына автобус сыйлады

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрына су жаңа автобус сыйлады. Бұл туралы театрдың режиссері Қуандық Қасымов Фэйсбуктегі аккаунтында жазып, жағымды жаңалықты жеткізді.

Облыс әкімі қазақ драма театрына автобус сыйлады

«Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Бәкірұлының Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрына сыйлаған су жаңа автобусы! Бейбіт Бәкірұлына МЫҢ АЛҒЫС!» деп жазады режиссер.

Ал театрдың әдебиет меңгерушісі Сая Қасымбек жазуынша, театрдың 82-маусымын әртістермен бірге көрермен залында тамашалаған облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов театр ұжымына жаңа қоныстың көрімдігіне автобус беремін деген.

«Міне, бүгін уәделі автобус театрдың алдына көлденең тартылды. Мынадай жайлы автобуста, тап қазір сахнада жан сала ойнап жатқан әртістер рахаттана іс-сапарға шығатын болды. Облыс әкіміне ризашылығымыз шексіз!» деп жазады қаламгер.