Рамазан айының соңына дейін табиғи газ өшпейді

187
Табиғи газ

Табиғи газБүгін белгілі болғандай, Ораза айының соңына дейін Шымкентте табиғи газ өшпейді. Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің басшыларымен кездесіп, осындай келісімге келді.

Шаһар басшысы қасиетті Рамазан айының аяғына дейін халықты табиғи газдан айырмауды сұраныпты. Еске салайық, өткен аптада көгілдір отын берушілер техникалық жұмыстарға байланысты газ болмайтынын айтып, хабарландыру таратқан болатын. Енді қала әкімінің өтінішінен кейін жоспарлы жөндеу жұмыстар кейінге шегеріліпті.