Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

352
Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкенттегі жеңіл атлетикалық спорт кешенінде бокстан жастар арасында Шымкент қаласы әкімінің жүлдесіне арналған Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Биыл 7-рет өткізіліп отырған чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан 180 аса спортшы қатысып отыр.

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Дүбірлі былғары қолғап додасының ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, жас боксшыларға сәттілік тіледі.

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

– Өздеріңіз білесіздер, бокс жылдан жылға қарқынды дамып келе жатыр. Біздің боксшыларымыз әлемдік ареналарда жақсы нәтиже көрсетуде. Жыл өткен сайын спорт саласына көптеп көңіл бөлінуде. Биыл біз қалалық №5 спорт мектебіне қаржылай көмек көрсетіп, шымкенттік жастарға жақсы жағдай жасадық. Алдағы уақытта жекпе-жек спортына да көңіл бөліп, жаңа кешен салуды жоспарлап отырмыз. Сондықтан, бокс спорты Шымкент қаласының атын шығарады деп сенемін. Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілей отырып, жарысты ашық деп жариялаймын, – деді шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.

Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Сонымен қатар қала әкімі 2016 жылдың мамыр айында Павлодар қаласында өткен бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғаған жерлесіміз Нұрдәулет Ұланұлына медаль тағып, бапкері екеуіне қаржылай сыйлық табыстады.