Шымкентте пойыз ер адамның екі аяғын кесіп кетті

335
Пойыз жолдың арғы жағына мектепке өтетін балалардың өміріне қауіп төндіруде

Пойыз жолдың арғы жағына мектепке өтетін балалардың өміріне қауіп төндіруде

Шымкентте шойын жолда тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Таңғы сағат 08:15 шамасында қалалық жедел жәрдем ауруханасына пойыз астында қалған жәбірленуші жеткізілген. Науқасты қабылдаған дәрігерлер жедел ота жасауға кірісіп кетті. Өйткені науқастың жағдайы өте ауыр дейді ақхалаттылар.

Пойыз екі аяғын кесіп кеткен. Анықталған мәлімет бойынша,  жәбірленушінің жасы 38-де. Ол Көксай көшесінің тұрғыны екені анықталды. Оқиға болғанда спирттік ішімдік ішпеген, дұрыс киінген дейді тәртіп сақшылары. Қазір науқасқа ота жасалып жатыр. Орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.