Шымкенттің мейірімді жандары қайырымдылық жасады

370

Шымкенттің қайырымды жастары жетім балалар үшін ерекше шоу өткізді. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жүз балаға арнап ұмытылмастай мерекелік кеш ұйымдастырды. Игі шарада еріктілер қуыршақ театрырының қойлымын ұсынып, түрлі сыйлықтар үлестірді және ақ дастархан жайды.

vlcsnap-2016-06-20-17h59m57s15

Мерекелік дастарханға шақырылған балақайлар кештің құрметті қонағы атанды. Кешке қызығушылық танытқан жомарт жандар бағасы 2 500 теңгелік билет сатып алып, балақайларға сый жасаған. Түскен қаражат игі шараны өткізу үшін жұмсалыпты. Шараны ұйымдастыру белсенді жастардың қолдауымен өткен. Шымкенттегі қайырымды жандар бірлестігінің мүшелері осындай игі шараны үш жылдан бері өткізіп келеді.

vlcsnap-2016-06-20-17h59m29s240

Еріктілер тобына кіру үшін міндетті түрде қалталы болу шарт емес. Өйткені жақсылық жасаймын деген әрбір ерікті жағдайы жеткенше қол ұшын бере алады. Айта кетейік, бұл бірлестік мүшелерінің қатары жыл санап артып келеді.