Тренажерлар кімге қалады

704
Тренажерлар кімге қалады

Бұқаралық спортты дамытуды көздеген қала басшылығының жоспары тың. Былтыр халық көптеп шоғырланатын орындар белгіленіп, ашық аспан астында жаттығу құралдары орнатылған болатын. Биыл оларды күтіп-ұстау міндеті тұр. Өйткені, екі жылды өз кепілдігіне алған мердігер компаниялар спорт құрылғыларын әкімдіктің қарауына өткізіп жатыр.

Еңбекші ауданы бойынша ашық аспан астындағы тренажерлар 8 жерге орнатылған. Солардың бірі – Жеңіс саябағындағы спорт құрылғыларының әбден тозығы жеткен. Мердігер «Нұралы» серіктестігі тренажерларды екі жыл бойы күтіп-баптап ұстаған. Енді кепілдік мерзімі аяқталуына байланысты соңғы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Тренажерлар кімге қалады

Жалпы, Шымкент шаһары бойынша 13 жерге дене шынықтыру алаңдары орнатылған. Әрқайсының бағасы 1 млн 200 мың тенгені құрайды. Мердігерлердің кепілдік мерзімі аяқталған алаңдарды алдағы уақытта қай мекеменің күтіп ұстайтыны да белгісіз. Ал Еңбекші ауданы әкімдігі бұл міндетті үй төрағалары мен төрайымдарына жүктемек.

Тренажерлар кімге қалады

Өздерінің азаматық ұстанымын бірінші кезеке қойған белсенділер шенеуніктердің бұл ойларымен келіскісі жоқ. Онсыз да мемлекет мүлікін тегін күзетіп жүргендерін алға тартады.

Енді қалай болғанда да төрт ауданның әкімдері ашық аспан астындағы тренажерларды күтіп-ұстаудың амалын қарастыруы қажет. Өйткені, спорт алаңшалары қараусыз қалып кетуі мүмкін.

Нұрлан Жаңабай