Баспанаға құжат өткізуде кезек көп

524
Баспанаға құжат өткізуде кезек көп

11 шілдеден бастап мемлекеттік бағдарламамен пәтер алғысы келетін шымкенттіктер өтініштерін өткізе алмай, әлекке түскен. Таң атпастан халыққа қызмет көрсету орталығына жиналғандар қолдарында электронды кілттері болса да, порталға тіркеле алмадық деп отыр. Ал жергілікті әкімдіктің «құжатты тек төрт күн қабылдаймыз» деген хабарландыруы халықты одан әрі дүрліктіріп жіберген.

Баспанаға құжат өткізуде кезек көп

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағыты бойынша үлестірілетін 900 пәтерге құжат қабылдау басталғалы халыққа қызмет көрсету орталығының тынышы бұзылған. Мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болуды діттегендер жанталасып құжат жинағанымен, тапсыра алмай діңкедік деп отыр.

Баспанаға құжат өткізуде кезек көп

Бір қызығы, электронды кілті бар тұрғындар да арызды үйден немесе жұмыстағы ғаламтордан тіркей алмаған. Тек халыққа қызмет көрсету орталығына қойылған компьютердегі арнайы бағдарламаның көмегімен баспана кезегіне тұру керек екен. Бұл да бір маманның қызметіне қарап тұр. Ал қалалық тұрғын үй секторының жауаптылары бұл келеңсіздік халықтың сауатсыздығынан дейді.

Баспанаға құжат өткізуде кезек көп

Енді сол сервердегі ақау жөнделмейінше, тізімге тіркеу мүмкін емес. Қағазға тізіп, ешкімнің құжатын қабылдамаймыз деп бекініп отырған жауаптылар уақыттың шектеулі екенін тағы ескертті.

Гүлжан Байназарова