Сарыағашта мектеп оқушылары букмекерлік кеңсені тонады

291
Сарыағашта мектеп оқушылары букмекерлік кеңсені тонады

Сарыағашта букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасауға қатысқан мектеп оқушылары ұсталды. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағашта мектеп оқушылары букмекерлік кеңсені тонадыКезекші бөлімге Ақниет аулындағы базарлардың бірінің маңында орналасқан букмекерлік кеңсеге қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының мамандары 6 шілде түні бетперде киген белгісіз біреулер анықталмаған қарумен букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кіріп, кеңсенің 22 жастағы қызметкерін және тағы бір азаматты қарумен және физикалық күш қолданып қорқытқанын анықтайды. Содан соң қарақшылар кассадағы 90 мың теңге ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайт Сарыағаш АІІБ-нің сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 192-бабымен (қарақшылық) іс қозғалды. Тәртіп  сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1995,1998 және 1999 жылдары туған аудан тұрғындарын күдікті ретінде ұстады. Олар өз қылмыстарын толық мойындап отыр.

Айғақ зат ретінде тәртіп сақшылары аңшылық шолақ мылтықты тәркілеп алды. Қазір күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.